434,48 496,10 5,67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

ШҚО тұрғындары мерекеге орай баспаналы болды

  • 108
  • UPD: 16:46, 16.12.2021

Шығыс Қазақстанда ел тәуелсіздігінің мерейтойына орай ондаған баспана қолданысқа беріліп, бірнеше әлеуметтік нысан ашылды. Өңірде мерекені ұлықтап, өткізіп жатқан іс-шаралар да көп. Катон-Қарағай, Үржар, Ұлан аудандарында бірнеше отбасы қоныс тойын тойласа, енді дәл осындай қуанышты сәт тарбатағатайлықтарға да бұйырды. Ал Өскеменнің өз басында, балаларға арналған нысандар көбейді.

Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында бүгін ақжарма тілек төгілген күн. Бір қабатты Шығыс жобасымен салынған қос пәтерлі үйлер қолданысқа берілді. Осылайша көп балалы отбасылар қоныс тойын тойлауда.

- Слямова Жананұр! 

Ауданда биыл 50​ үй салынды. Әлеуметтік нысандар да есік ашып жатыр.

Ауылдағы азаматтарымызға жаңа үйдің кілттерін табыстап, мәдени саласындағы, білім саласындағы осындай балабақшаларымыз, мектептеріміз көп болып ашыла берсін!​ 

Көкжыра ауылында балабақша күрделі жөндеуден өтті. Бөлмелер қайта жабдықталды. Мұнда 100​ бала тәрбиеленеді.  

Жанар Сембаева, көп балалы ана:

- Осы күрделі жөндеуден өтуде үлес қосқан ел азаматтарына ата-аналар атынан алғысымды айтамын! 

Ұлан ауданындағы Герасимовка ауылы мен облыс орталығында да балабақша ашылды. Өскеменде «Балдәурен» мекемесі​ жаңа шағын ауданда тұр. Мемлекеттік тілде 7 топ бар. Барлық заман талаптарына сай жабдықталған. Шаһар халқы 400 мыңға жақындап қалған кезеңде мектепке дейінгі орындардың көбеюі орынды.

- Ішінде балалар көп болсын, жақсы тәрбие алып, сапалы білім алып, көбейе берсін!

Сұлухан Ағзамова, балабақша меңгерушісі:

- Біз осы мерекені Тәуелсіздіктің 30 жылдығына қарсы ашып жатырмыз. Енді 170 бала болады деп есептеп тұрмыз.

Қалада инклюзивті қолдау кабинеттері де ашылды. №23 мектепте бұндай орталыққа мұқтаж 31 бала оқиды. Енді олар толыққанды білім ала алады.

Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов

Хабар 24 телеарнасы