Алматыда ардагер дипломаттар мемлекеттік наградарлармен марапатталды   

 

Елдестірмек-елшіден. Алматыда Тәуелсіздік күні мерекесіне орай дипломатиялық қызметтің ардагерлері мемлекеттік наградарлармен марапатталды.

Жиынға қалада тіркелген шетел дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары да қатысты. Қазақстан 1992 жылдың 2 наурызынан бастап, Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі атанды. Өзге де халықаралық ұйымдарға қосылып, алыс-жақын елдермен экономикалық қарым-қатынас орнатты. Еліміздің сыртқы саясатының қалыптасуына, шетелдік мемлекеттермен байланыстың нығаюуына, дипломаттардың қосқан үлесі жоғары.

Тілеухан Қабдрахманов, ҚР Дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қызметкері:

– Қазақстан әлем елдерінің қатарында өз орнын алды. 140-тай елдермен дипломатиялық қарым-қатынас құрылған екен. Одан басқа біз БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ мүшесіміз. Сол ұйымдарға төрелік ете білді. Бұл да Тәуелсіз Қазақстанның жеткен нәтижесі.