Нұр-Сұлтанда ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі ашылды 

Бүгін Пригородное тұрғын үй алабында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ашылды. Мұнда сатылатын өнімнің бағасы қаламен салыстырғанда 20 процентке төмен. Себебі, жәрмеңкені ұйымдастырған «Астана» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы мен Нұр-Сұлтан шаһарының әкімдігі кәсіпкерлердің жағдайын жасап отыр. 

Бүгін Пригородное тұрғын үй алабындағы жәрмеңкеге 50-ден астам кәсіпкер қатысты. Оларға тұратын орын тегін берілгендіктен, өнім бағасы қолжетімді болды.

Ғайныш Лапенова, кәсіпкер:

– Бізге өте тиімді болды. Пандемия кезінде қиналып кеткен едік. Таңертең 150 келідей тауар әкелдім. Бәрін сатып жібердім жақсы бағамен. Рахмет!

Жәрмеңке өткізілетін ғимаратта 150 кәсіпкерді орналастыруға болады. Әлі 80-ге жуығы бос тұр. Ұйымдастырушылар ниет білдірген бизнес өкілдерімен жұмыс жүргізуге дайын.

Абдель Балтатегі, «Астана» ӘКК азық-түлік қауіпсіздігі департаменті директорының орынбасары:

– Астана әлеуметтік кәсіпкерлік палатасына хабарласып, келіп, телефондары бар. Постоянно өкілдеріміз бар. Өтініш білдірсе, жазып керек емес. Әрі қарай бәрін ұйымдастырамыз ғой.

Жәрмеңке ашылғанын естіген жергілікті тұрғындардың қарасы қалың. өнім сапасы мен тауарардың құны жұрттың көңілінен шықты.

Марат Жуасбаев, қала тұрғыны:

– Негізі қаладағыдан арзан. Жәрмеңкенің аты жәрмеңке ғой. Арзан бағасы жүйелі ғой. Тауарлар көп. Жаңадан болған соң, елдер білмей жатыр. Ертең келеді ғой бәрі.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, енді мұндай жәрмеңке Пригородное алабында тұрақты түрде өткізіледі.

Дариға Ташенова, Нұрғали Мамырбаев