ШҚО-да Тәуелсіздік күнінде 50 сәби өмірге келді

Тәуелсіздік күнінде өңірде 50 сәби дүниеге келген. Олардың басым бөлігі қыздар, деп хабарлайды Хабар 24 облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Желтоқсанның 16-ы күні нәрестелер Өскемен, Семей шаһарларындағы перинаталды орталықтарда, Аягөз, Зайсан, Алтай қалалық және Көкпекті, Бородулиха аудандық ауруханаларында өмірге келді.

«Үлкен отбасымызда бұл күн енді ерекше тойланатын болады. Себебі кішкентайымыз дәл осы қастерлі мерекеде дүниеге келіп отыр. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, аспанымыз ашық болсын!», – деді аналардың бірі.

Айта кету керек, облыста жыл сайын перинаталды сала дамып, сәбилер мен аналарға арналған жағдай жақсарып келеді. Бұл өз кезегінде туу көрсеткіштеріне де оң әсер етті. Осы жылдың басынан бері өңірде 22 000-нан астам сәби туған.

Сондай-ақ...