435,10 496,10 5,68
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Каспий теңізінде итбалық саны 10 есеге дейін азайды

  • 71
  • UPD: 22:59, 17.12.2021

Соңғы жүз жылда Каспий теңізінде итбалық саны 10 есе азайды. Қазір жүз мыңнан аспайды.

Егер бұрын оларды бағалы терісі мен майы үшін заңсыз ауласа, қазір негізінен балық ауларында шырмалып, қоршаған ортаның ластануы мен қорек жетіспеуінен қырылып жатыр. Итбалық – Каспий теңізінде мекендейтін сүтқоректі жануарлардың жалғыз түрі. Әзербайжанда оны Қызыл кітапқа енгізіп, 1952 жылдан бері аулауға тыйым салынған. Итбалықтар Әзербайжан жағасына тек наурыз-сәуір айларында көшеді.

Тариэль Эйбатов,  табиғаттану мұражайының директоры:

- Барлық ел Каспий жөнінде Конвенцияға қол қойды. Онда экологиялық ереже жазылған. Өкінішке орай, бұл құжаттар тек қағаз жүзінде қалды. Балықшылар мен кемелерден итбалық мекендейтін аймақты қорғауымыз керек. Халыққа оларды өлтіруге болмайтынын түсіндіру қажет. Әлі май қабатын жинап үлгермеген итбалық төлі суда ұзақ қала алмайды. Сондықтан түнде жағаға немесе жартасқа шығады. Сонда оларды мазалауға болмайды. Итбалықтар негізінен тап осы кезде қырылады.

Хабар 24 телеарнасы