Ертіс өңірінің оқушылары мереке қарсаңында мешітке сырмақ сыйлады

Ертіс өңірінің оқушылары ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай сырмақ басып, ауыл мешітіне  тарту етті.

Кішкентай ісмерлер ою өрнектің де шебері. Қазір қалада ұлттық қолөнерге қызығушылық артқан. Ұстаздар қауымы ұлттық нақыштағы заттарды әзірлеу техникасын ғана емес, оның тарихы мен мән-маңызы туралы да мағлұмат береді. Ал алғашқы сырмақты мешітке сыйға тарту - оқушылардың өз бастамасы. Енді сырмақ рухани орданың төрінде тұрады. 

Жанар Әлімова, жобаға қатысушы:

– «Сырмақ сыры» шеберлік сағаты технология пәні мұғалімімен бірге өтуде. Сабақтың идеясы біздің оқушыларымыздың бос уақытын пайдалы ұйымдастыру үшін аса маңызды болып отыр. Шеберлік сабағы бұл ұлттық қолөнердегі құнды заттарды ұрпақтан-ұрпаққа бере отырып, бүгінгі күнге дейін сақтауға қазақ дәстүрлерін жаңғырту.