Қазгидромет: Бірнеше өңірде қолайсыз күн райы сақталады

Қазгидромет 18 желтоқсандағы ауа райына болжам жасады.

Елордада көктайғақ. Түнде ауа температурасы минус 4-5 градустың айналасында болып, қар ұшқындады. Күндіз 2-3 градус, аздап қар жауады.

Синоптиктердің болжауынша, бүгін қолайсыз күн райы Алматы, Шымкент, Атырау және Балқаш қалаларында сақталады. Дегенмен республика бойынша күн аса суық болмайды. Жер-жерде аздаған қар жаууы ықтимал.