435,20 494,00 5,55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Сербия Қазақстанды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады

  • 88
  • UPD: 10:24, 18.12.2021
Сербия Қазақстанды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады

Сербия Пошта» ААҚ бас директоры Зоран Джорджевич Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұловқа Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қазақстан мен Сербия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толуына орай естелік пошта маркасын ұсынды.

Мерейтойлық шығарылым конверттен және пошта блогынан тұрады. Конвертте Белградтағы Қалемегдан бекінісінде орналасқан Жеңімпазға ескерткіш және Нұр-Сұлтанда орналасқан, еліміздің тәуелсіздігін бейнелейтін «Қазақ Елі» монументі бейнеленген.

Пошта блогында екі елдің астаналары, сондай-ақ Қазақстанның (Үлкен Алматы көлі мен Шарын шатқалы) және Сербияның (Увац өзені мен Джаволь Варош жартастары) әсем көріністері бейнеленген.

Қазақстан Елшілігі бастамашы болған марканың шығарылымын жүзеге асыру кезінде филателия қағидалары мен Сербия почтасының стандарттары ескерілді.

Хабар 24 телеарнасы