Еліміздің бас шыршасының шамын жағу рәсімі 19 желтоқсанда өтеді

Еліміздің жаңа жылдық бас шыршасы дәстүрлі түрде ЭКСПО көрмесінің аумағында орналасқан. 25 метрлік жаңа жыл символын жағу рәсімі 19 желтоқсанда өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

19 желтоқсан күні сағат 19:00-де ЭКСПО көрмесінің аумағында «Нұр Әлем» сферасының жанында еліміздің бас жаңа жылдық шыршасын жағу рәсімі өтеді. Іс-шараның ресми бөлімінен кейін қонақтар үшін мерекелік концерт өтеді. Сахнада танымал эстрада орындаушылары мен елорданың жас музыканттары өнер көрсетеді. Жұлдызды орындаушылардың арасында — Маржан Арапбаева, әнші Дос, Ринат Малцагов бар. Бұл жаңа жылдың басты кейіпкерлері – Аяз Ата мен Ақшақарсыз болмайды.

Іс-шараға барлық тілек білдірушілер қатыса алады. Дегенмен барлық санитарлық нормаларды сақтау керек.