«Junior Eurovision 2021»: қалай дауыс береміз?

Биыл Париждің төрінде өтетін «Junior Eurovision» халықаралық ән байқауында Әлинұр Хамзин және Бекнұр Жәнібекұлы «Ертегі әлемі» әнін шырқап, еліміздің намысын қорғайтын болады.

Барша қазақстандықтарды еліміздің атынан қатысып жатқан жас өнерпаздарға қолдау көрсетіп, дауыс беруге шақырамыз.

Ол үшін Junioreurovision.tv сайтына кіріңіз;

– барлық қатысушылардың қысқаша бейнеролигін қараңыз;

– Әлинұр Хамзин мен Бекнұр Жәнібекұлын және тағы екі елдің қатысушысын таңдаңыз.

Францияның астанасынан тікелей көрсетілімді 19 желтоқсан күні 21:00-де «Хабар» арнасынан тамашалай аласыздар!

СЕНІҢ ДАУЫСЫҢ – БІЗДІҢ ОРТАҚ ЖЕҢІСІМІЗ!