Қазақстанда азық-түлік бағасы тұрақталды

Осы аптада елдің кей өңірлерінде әлеуметтік маңызға ие азық-түлік түрлері сәл арзандады.

Мәселен, Түркістанда 0,6, Елордада 0,3, Шымкент пен Маңғыстауда, 0,2 процентке төмендеген. Бұл туралы азық-түлік бағасын реттеуге арналған кеңесте айтылды. Үкімет басшысы Асқар Маминге сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, өңір әкімдері мен мемлегеттік орган басшылары жағдайды баяндады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметіне қарағанда, кейінгі аптада бағаны негізсіз көтерудің 75 фактісі тіркелген. Тауар өндірушілер мен көтерме жет-кізушілерге сауда үстемесін 15 проценттен 10 процентке төмендету бойынша 192 акті жасалған. Тағы бір мәселе қабылданған шаралардың нәтижесінде 10 желтоқсаннан бастап жұмыртқа 37 теңгеден 31-32 теңгеге дейін арзандады.