Қазақстанда өсірілген жемістер мен көкөністер Ресейге кіргізілмеді

Ресей мен Қазақстанның шекаралас аймақтарында 123 автокөліктегі 2097 тонна, 81 643 дана фитосанитариялық қаупі жоғары, карантинге жіберілген өнім бақылауға алынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Россельхознадзор сайтында жазылғандай, Ресейдің ауыл шаруашылығы басқармасының инспекторлары Ресей ФҚҚ Алтай өлкесі бойынша шекара басқармасымен ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде Қазақстан мен Қырғызстаннан карантинге жіберілген 159 тонна өнімді жеткізу кезінде фитосанитариялық заңнаманы бұзудың тоғыз жағдайын анықтады.

Алтай өлкесінің Кулундинск, Рубцовск және Третьяков аудандарында фитосанитариялық қаупі жоғары 62 тонна пияз, 50 тонна жаңғақ пен кептірілген жемістер, 36 тонна жеміс пен басқа да карантинге жатқызылған өнімдерді кіргізуге тыйым салынған. Ресей инспекторлары өнім жарамсыз фитосанитариялық сертификаттармен жеткізілгенін, көлік тасымалдау құжаттарына сәйкес келмейтінін айтып, карантинге жіберілген өнімдер мен түсіру орындарының жүк алушыларына қатысты қате мәліметтерді анықтағанын хабарлады.