Тәуелсіздік күні Түркістанда 200-ге жуық сәби дүниеге келді  

Тәуелсіздік күні Түркістан облысында 190 сәби дүниеге келді. Соның ішінде 96 ұл бала болса, 94-і – қыз бала. Бүгінде нәрестелер мен аналардың жағдайы жақсы, деп хабарлайды Хабар 24.

Түркістан қаласындағы №3 Облыстық перинаталды орталығында 36 сәби дүниеге келген.

Айта кетейік, мереке күні кезекш ауысымда нәресте мен анаға күтім жасайтын жоғары білікті дәрігерлер, тәжірибелі акушерлер мен медбикелер жұмыстарын жоғары деңгейде атқаруда.

Елімізде бала туу көрсеткіші бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр.