Алматы облысында демеушілер көмегімен спорт кешені салынып жатыр

Алматы облысының Ақсу ауылында демеушілер көмегімен спорт кешені салынып жатыр.

Елді-мекенде әлеуметтік нысандардың жоқтығы жайында біздің тілшілер сюжет түсірген болатын. Мәселе шешімін тауып, қазір құрылыс жұмыстары қолға алынды. Жаңа нысан ескі дүкеннің орнына тұрғызылып жатыр. Осылайша ауыл көркін қашырған ғимарат қайта жаңғыртылады.

Кешенде балалар спорттың бірнеше түрімен шұғылданады. Жаңа жұмыс орны ашылып, жаттықтырушылар тұрақты жұмыс істейді.

Мұрат Қанайұлы, Ақсу ауылының тұрғыны:

– Балалар тек күрес, баскетбол, волейбол сияқты мектепте бар спорт түрлерімен ғана айналысты. Жаңа кешеннің ішінде жаттығу залы болады. Үлкен азаматтар даспортпен айналысып, зиянды әдеттерден аулақ болса дейміз.

Серік Байжұманов, Ақсу ауылдық округінің әкімі:

– Ауылымызда саябақ, кіреберісте ауылдың ажарын ашатын қақпа салынып жатыр. Осыған тағы да қосымша келесі жылға мемлекеттік бюджеттен 585 млн ПСД ПР жасалып, оған мәдениет үйі салынайын деп жатыр. Ауылымыз болашақта, өркейе түседі.