Елордада архив қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталығы ашылды

Онда соңғы технологиялармен таныстырып, ескірген құжаттарды оқуды сақтауға үйретеді, деп хабарлайды Хабар 24.

Сондай-ақ құжаттарды жедел сканерлеу аппараты алынған. Саладағы маман тапшылығын жою үшін кешенді шаралар қабылданып жатыр. Архившінің беделін арттыру да ерекше назарда. Қызметкерлердің айлық ақысын өсіру жыл сайын қолға алынып жатыр. Шарада фотоқұжаттық экспозициялармен таныстыру өтті. Жиынға Премьер-Министр орынбасары Ералы Тоғжанов мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысты. Олар архив саласына ерекше қолдаудың қажет екенін атап өтті.

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

– 2022 жылдан бастап тағы да жалақыларын өсіру жоспарлануда. Сондықтан мына архив саласының азаматтарына жан-жақты қолдау жасауымыз керек. Екіншіден, сол жұмыс жасайтын азаматтардың деңгейі де жоғары болу керек қой деп ойлаймыз. Бүгінгі күннің талаптарына сәйкес болу керек. Сондықтан осы арнайы оқу орталығы ашылып жатыр. Оқу орталығының ашылуымен барлығыңызды құттықтауға рұқсат етіңіздер.