Балқаш қаласында қарияларға арналған орталық ашылды

Қарағанды облысының Балқаш қаласында қарияларға арналған орталық ашылды.

Мұнда келушілерге денсаулығын түзеуге барлық жағдай жасалған. Орталықта ата-әжелер шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойнап, қолөнердің сан түрімен айналысады. Арасында шүйіркелесіп шай ішеді. Енді күн жылыған кезде балық аулаудан турнир ұйымдастырмақ. Ал жақын күндері спорттық құрылғылар жеткізіледі. Жалпы қазіргі күні Балқаш қаласында 12 мыңнан астам зейнеткер бар. Соның 7 мыңнан астамы қалалық ардагерлер кеңесінде есепте тұр.

Қарлығаш Түсіпбек, ардагерлер клубының жетекшісі:

- Клубта бірнеше үйірмелер жұмыс істейді. Солардың бірі қазақтың ұлттық өнерін дәріптейтін құрақ көрпе тігу және де ювелирный изделия дейміз ғой, соларды жасауға көп адамдар келіп, жұмыс істеп жатыр. Және де бисер дейді, тоқыма, сол. Спортивный инвентарь келеді деп отырмыз. Заказ берілген болатын, тендерді ұтып алатын болса, бізге беговая дорожка, скандинавиялық таяқшалар келеді деді.