Дабылға құлақ түріңіз!

Елімізде азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін тексеру өтеді.

«Бүгін таңғы 9-дан түскі 12-ге дейін республика бойынша сиреналар мен дабыл жүйесі қосылады. Сондай-ақ теледидар және радиоарналардың эфирі арқылы хабарлау, интернет пен мобильді қосымшаларда ақпарат жарияланады. Сонымен қатар қауіпті өндірістік объектілер мен гидротехникалық құрылыстардағы құлақтандыру жүйелерінің жарамдылығы тексеріледі. Бұл тұрғындарды табиғи апаттың немесе басқа да оқыс жағдайлардың жойқын салдарынан қорғауға бағытталған қауіпсіздік шарасы» делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.

Сондай-ақ...