Семейде Абайдың алғашқы жинағы жаңартылды

Абай Құнанбайұлының 1909 жылы жарық көрген алғашқы жинағы реставрациядан өтті.

Абай мұражайында сақталған жүз жылдан астам тарихы бар туындыны қалпына келтіруге «қолжазба және сирек кітаптар» ұлттық орталығының мамандары жәрдемдескен. Ескі жинақты жаңарту үшін арнайы жапон қағазы қолданылған. Реставрация жұмыстарына жарты миллион теңге жұмсалыпты. Енді мұражай қызметкерлері меморандум аясында жаңарған кітаптардың тізімін жасақтап жатыр.

Тұрдығұл Шаңбай, «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің директоры:

– Германиядан, Израилдан, Европадан оқыған мамандар бар. Солар келіп жыртылған бетті өсіреді екен олар. Өсірген кезде тура сол химиялық, басқа да құрамын анықтайды. Бояу қандай, қандай сиямен жазылған соған дәлдеп, соған арналған өздерінің материалдары бар. Соны сол жерде суға ерітіп, соны салып, жәй клейлей салмайды, сол кәдімгі өседі. Адамның шашы сияқты, тырнағы сияқты өседі. Бұл Тәуелсіздіктің арқасында келген дүние.

Сондай-ақ...