Қазақстанда 15 мыңнан астам шетел азаматы еңбек етеді

Қазақстанда 15 мың 527 шетелдік азаматқа ресми жұмыс істеуге рұқсат берілді. 

Еңбек мигранттары, әсіресе, Қытайдан көп келеді. Мәселен, бұл мемлекеттен 3 мың 784 еңбек мигранты бар. Бұдан бөлек, елімізде екі мыңға жуық Ұлыбритания азаматы нәпақасын тауып жүр. Одан кейін тізімді Түркия, Үндістан және Өзбекстан жалғайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері мәлімдеді.