Павлодар әкімі неліктен көшелерге тұз емес, құм себуді тапсырған?

Шаһар басшысы Асайын Байханов Іnstagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жолдарға не себепті құм себілетіні туралы жазды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

– Маған да барлық жерде аяқ киімге жабысып жүретін құм ұнамайды. Өкінішке орай, мен де оны көшеден аяқ киіммен тасимын. Бірақ мердігерлер құмды алдағы уақытта да жолдарға себетін болады. Неге екенін түсіндірейін. Бүгінгі таңда құмның лайықты баламасы жоқ, оның ішінде баға мен сапасының да қатысы бар. Маған дайректке: «Неге көшелерге құмның орнына тұз сеппейсіздер?» – деген сұрақтар қояды. Себебі болмайды. Иә, тұз таза түрінде немесе құм-тұз қоспасы түрінде тиімдірек және де одан аяқ киім де аса қатты былғанбайды, – деп жазды Асайын Байханов.

Қала әкімінің айтуынша, ол аяқ киімді бүлдіріп қана қоймайды, сондай-ақ, жолдардағы тұздың бір бөлігі топыраққа түседі. Топырақта жиналған тұз жасыл желектің өсуіне кедергі келтіріп, жойылуына әкеп соғады. Өкінішке орай, ұқсас жанама әсері қымбат химиялық реагенттерге ие.

Химия онсыз да айналамызда өте көп. Сонымен қатар ол «ұнтақ» түрінде тым қымбат. Павлодарда онсыз да сирек өсетін жасыл желекті улау үшін әкімдік қаржы төлемейді. Биылғы жылы қыстың аса қарлы емес және өткен жылдармен салыстырғанда ауа райы едәуір жылы екенін байқаған боларсыздар. Күндізгі ауа температурасынан қар еріп кетуде, ал кешкісін еріген қар суы қатып, мұзға айналуда. Бұған жол бермеу үшін көшелерді сыртқы температура минус 10 градусқа дейін жауған қардан тазарту технологиясы мұзға қарсы материалды (біздің жағдайда құм) қолдануды қажет етеді, – дейді әкімі.

Құм қардың тапталуына, «домаланып кетуіне» және асфальтқа жабысуына жол бермейді. Бұл арнайы сыпыру көліктеріне (щеткалармен) қарды мұз қабығына айналғанға дейін жолдың жиегіне оңай сыпырып тастауға мүмкіндік береді. Осы жерден оны тиегіштер жүк көліктеріне тиеп, полигонға шығарады.

Құм себу жұмыстары аяз түскенге дейін және қар құрғақ болып, қосымша материалдарды пайдаланбай сыпыруға мүмкіндік болғанға дейін жүзеге асырылады. 

Асайын Байханов  қала тұрғындарында тиімді балама ұсыныстар сенімді әрі арзан болса бөлісуге шақырған. 

– Мен, менің қызметкерлерім және мердігерлер оларды тыңдап, қабылдауға дайынмын. Қала аумағы 400 шаршы шақырымнан асатынын да ұмытпағанымыз жөн, – деп жазады қала әкімі.

Айта кетерлігі, облыс орталығында көшелерді тазалау жұмыстарына жылына 1,5 млрд  теңгеден астам қаражат жұмсалады.