Оралда электр бағаны ақауларынан сиырды тоқ ұрып өлтірді

Орал тұрғыны үйінің маңындағы электр бағанына жауаптыларды сотқа бермек, деп хабарлайды Хабар 24.

Себебі осы бағанға сүйкенген оның сиырын тоқ ұрып өлтірді. Бағандағы 10 мың киловольттік сымның электр қуаты ақаулар салдарынан сыз жерге өткен. Бүгін мал өліміне себепкер болған жерде адам да жүрмесіне кім кепіл, – дейді ол. Электр желісі қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің балансында. Желіні күтіп ұстау үшін әкімдік тиісті кәсіпорынмен келісім жасасқан. Алайда қос тарап та оқыс жағдайға байланысты түсінік берген жоқ. Оқиға орнында болған мамандар кінәні сиырдың иесінің өзіне жабуға тырысқан.

Азамат Ержанов, қала тұрғыны:

– Өзімнің аман қалғаныма ризамын. Анау бағанға жақындағанымда мен де кетіп қалуым мүмкін еді. Артқы жағымда​ бірдеңе тарс ете түсті. Қарасам, сиырым көбік атып, түтін шығып, кәдімгі өртеніп жатыр. Ал егер түтін шықпаса, байқамайтын едім, онда мен де​ тоққа соғылуым мүмкін еді ғой. Сотқа беремін, әрине.​

Азамат Жұмабаев​, қалалық Электр желілері компаниясы бас инженерінің орынбасары:

– Себебі бағана тіреулердің басындағы оқшаулағыштар сынған. Соның салдарынан 10 мың киловольттік сымдар сыз тартқан топыраққа тиіп тұрған. Дегенмен, қайталап айтамын, ол желі қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің қарауында. Бірақ қоңырау бізге түскен соң, барып желіні айырдық, шара қолдандық.

Сондай-ақ...