434,23 496,10 5,68
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Өскеменде 7 жасар қыз таланды: қаңғыбас иттер жаппай атылуда

  • 128
  • UPD: 17:43, 21.12.2021

Өскеменде қаңғыбас иттерді жаппай атып жатыр. Соңғы 2-3 күнде 85 қараусыз иттің көзі жойылған, деп хабарлайды Хабар 24.

Естеріңізге салсақ, бірнеше күн бұрын Лесхоз кентінде 7 жасар қыз баланы ит талап, нәтижесінде ол алған жарақат салдарынан қаза болған. Дегенмен, оны ит емес, қасқыр талауы мүмкін деген болжамдар айтылып жатыр. Оқиға болған Лесхоз кенті мен сол маңдағы Степное ауылында қараусыз ит тым көбейіп кеткен дейді мамандар. Биыл Өскемен қаласы бойынша мұндай шараға 17 млн теңге бөлініп, 5 мыңнан аса қаңғыбас ит-мысық жойылған. Бір жағынан, бұл жұмыстың қарқынды жүргізіліп жатқаны жануарларды қорғау ұйымдары өкілдерінің наразылығын тудырып жатыр.

Ертай Батхолдин, ШҚО Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:

– Қаңғыбас иттер күтімсіз жүргендіктен табиғат қорғаушылары мен көптеген адамдар қарсы шығып жатыр. Сондықтан біздің ит аулайтын бригадалар міндетті түрде учаскелік инспекторлармен бірге жұмыс істейді. Өздері жалғыз жұмыс істемейді.

Хабар 24 телеарнасы