Қарағанды облысындағы шахта құрылғысының жұмысына тыйым салынды

Қарағанды облысының Күзембаев атындағы шахтасында кеншілер өміріне қауіп төндірген құрылғының жұмысына сот тыйым салды, деп хабарлайды Хабар 24.

Ауданаралық экономикалық соттың үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ. Шағымды өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті өкілдері түсірген. Заңбұзушылықтар тізімінде 8 тармақ бар, бірақ металлургиялық комбинат тек екі  олқылықты жойған. Комбинат өкілдері «жүк көтергіш машинаны жөндеуге бірнеше ай қажет» деп отыр. Өнеркәсіп қауіпсіздік департаменті өкілдері шахталардағы жабдықтардың тозығы жеткендігін, тіпті қолдануға қауіпті құрылғылардың бар екенін айтады. 

Виктор Маркарянц, Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің бөлім басшысы:

– Аталмыш өндірісте жұмысшылар жарақат алу ықтималы жоғары еді. Апатты жағдай туындап желдету талаптары бұзылуы  мүмкін болған. Өйткені қазба орнының жағдайы талапқа сай емес. Өткен жылы тексеріс жүргізгенбіз.  Мұндай  олқылық болмаған. Яғни бір жыл ішінде жағдай қиындағанын көріп отырмыз. Біз жылына бір мәрте тексереміз. Тағылған 8 бірдей ескертпенің тек екеуі ғана ескерілген.