Атырау облысында 85 тонна балық тәркіленді

Жыл басынан бері Жайық-Каспий облысаралық бассейндік инспекциясы заңсыз жолмен ауланған 85 тоннадан астам балық тәркіленіп, 16 материал бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Хабар 24.

Заң бұзғандарға 30 млн 800 мың теңге айыппұл салынды. Табиғатты қорғаушылардың іс-шаралары оңай олжаға құныққандарға тыйым болатын түрі жоқ. Онсыз да қоры азайып бара жатқан балық шаруашылығына залал келіп жатыр.  Айталық өңірдегі 17 балық аулаушы кооперативі биыл бөлінген 30 мың тонна лимиттің тек 20 процентін ғана игерген. Себебі балық жыл санап азайып барады.

Рүстем Қорқытов, Жайық-Каспий облысаралық бассейндік инспекциясының бас маманы:

– Бір жылда инспекцияға бектіліген су айдындарынан 3114 балық қорғау заңнамасын бұзушылық дерегі анықталды. Оның ішінде 208 материал өрескел құқық бұзушылық белгілерімен әкімшілік сотқа жолданды. Инспекция мамандары өткен аптада браконьерлерден тәркіленген 7856 дана қытайлық синтетикалық ау-құралы мен қолдан жасалған 340 жүзу құралы «Арнайы автобаза» мекемесінің қоқыс жинау полигонында жойылды.