ШҚО-да жол уақытылы тазаланбаған

Өскеменде жолды уақытылы тазаламаған коммуналдық мекеме басшылары жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Хабар 24.

Қараша-желтоқсан​ айларында 200 тексеріс жүргізілген. Тайғаққа қарсы жұмыс шаралар істелмеген. Жаяу жүргіншілердің жолдарын мұз басып қалған. Осы кемшіліктер бойынша 34 жол қызметі ұйымының басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Оларға 1 миллион теңгеге жуық айппұл салынды. Аталған мекемелер екі аптаның ішінде ккемшіліктерді жоюы керек.Әйтпесе, лицензиясынан айырылады.

Еркін Әнуарбеков, ШҚО ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары:

– Егер де кемшіліктер​ негізсіз​ жойылмайтын болса, онда біз прокуратура органдарына қағаз жүзінде жазбаша түрде жөнелтеміз. Ұйымдарда​ лицензия бар ғой жұмыс істеуге арналған, прокуратураның соларды қайтарып алуға дейін құқы бар.