Өскемен зауытындағы жағдайға қатысты тұрғындардың алаңдауына негіз бар ма

Өскемендегі комбинатқа қатысты тұрғындардың мазасыздануына себеп бар ма? Ауаға бөлініп жатқан қоспа қаншалықты зиян?

Бұл туралы арна тілшілері Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасына бірнеше сұрақ қойды.

  1. Тұрғындардың алаңдауына негіз бар ма? Жалпы мұндай оқыс оқиға кезінде кәсіпорындар 3 сағаттың ішінде ресми мәлімдеме жасауы тиіс емес пе еді?
  2. Экологтар өндірістің санитарлық аумағындағы ауада хлордың мөлшері рұқсат етілген көрсеткіштен төрт жарым есе артық екені анықтады. Бұл ақпаратты облыстық «Қазгидромет» орталығы да растап отыр. Бұл жайт өскемендіктердің денсаулығына қаншалықты әсер етеді?
  3. Кәсіпорынға жақын орналасқан тұрғындарға не айтасыз? Олар көшеге емін-еркін шыға ала ма?
  4. Бұл жағдайға қатысты Экология министрлігі қандай да бір шара қолдана ма?

Зұлфұхар Жолдасов, ҚР ЭГТРМ экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы