Шығыс Қазақстанда «Пиротехника» арнайы шарасы өткізілді

Өңірде былтыр жаңа жылды тойлау кезінде 18 өрт болды. Оқыс оқиғаның 95 проценті мерекелік от шашудан болған, деп хабарлайды Хабар 24.

Өскеменде «Пиротехника» жедел алдын алу іс-шаралары өтіп жатыр. Мамандар сауда орындарындағы от шашуды сақтаудың ережелерін түсіндіріп, арнайы тәжірибе де көрcетті. Ал полиция қызметкрелері саудаланып жатқан пиротехникалардың заңдылығын тексерді.

Марина Лискова, облыстық ТЖД баспасөз хатшысы:

– Жаңа жыл кезінде болатын өрттің көбі от шашуға қатысты. Сондықтан желтоқсанның аяғы мен қаңтардың басында біз күшейтілген кестемен жұмыс істейміз. Жыл сайын базардағы от шашу сататын кәсіпкерлерге арнайы нұсқаулықтар таратамыз.