Ел ішінде арзан әуе рейстері іске қосылады

Ел ішінде арзан әуе рейстері іске қосылады

Келер жылдан бастап отандастарымыз 6 елді мекенге тиімді тарифпен ұша алады.

Ұшақ билеті небәрі 9 мың теңгеден басталады. Бұл тізімге Түркістан, Көкшетау, Петропавл мен Балқаш, Үржар және Үшарал бағыттары еніп отыр. Қазір осы аймақтарға  қатынайтын әуе компаниялардың тізімі жасалды. 23 әуе бағытына республикалық бюджеттен субсидия беріледі. Бірақ компаниялар одан табыс таппайды. Ал билет құны 9 бен 25 мың теңге аралығында болады.