Қостанай облысында жолдар жабылды

Қостанай облысында күн күрт жылынып, жаңбыр жауды. Салдарынан жер көктайғақ болып жатыр.

Қазір аймақтағы облыстық маңызы бар бес жол жабық. Олар Әулиекөл-Москалёв, Әулиекөл-Раздольный, Қарамеңді-Аралкөл, Жітіқара-Ливанов және Арқалық-Торғай бағытындағы жолдар. Төтенше жағдайлар департаменті шұғыл жағдай болмаса, алыс сапарға шықпауға кеңес береді. Сонымен қатар ауа райының қолайсыздығынан бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары сабақтарын қашықтан оқыды.