Қазақстан АЭС салу үшін алты елдің тәжірибесін зерттеп жатыр

Елде атом электр станциясын салу мәселесі әлі де қарастырылып жатыр. Энергетика министрлігінің мамандары қазір 6 елдің тәжірибесін зерттеп жатқан көрінеді.

Олар АҚШ, Франция, Ресей, Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея.

«Осы елдерде жүзеге асып жатқан үздік деген жобаларды іріктеп, өзімізге ыңғайлысын таңдап аламыз», - деді ведомство басшысы Мағзұм Мырзағалиев.

Алайда министр атом электр станциясы Қазақстанның қай аумағында салынуы мүмкін деген сұраққа жауап бере алмады. Сондай-ақ нақты шешім қабылдайтын кезде референдум өткізіле ме, жоқ па, ол жағы да әзірге белгісіз.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Энергетика министрі:

- Біз 2035 жылға дейінгі балансын жасадық, энергия өндірудің және энергия тұтыну көлемін анықтадық. Сонда АЭС салу мәселесі өте керек деп қарастырылып жатыр.