loader


Жат діни ағымның жетегінде жүрген 534 адам райынан қайтты

Жат ағымның жетегінде жүрген 534 адам райынан қайтты.

Жүйелі насихат нәтижесінде теріс ағымға тұсалған 414 азамат дәстүрлі дінге бет бұрған. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді. Елдегі оңалту мекемелеріндегі ауқымды жұмыс барысында 120 азамат елімізде рұқсат етілген дін жолына бағыт алған. Өзге ағымның арбауына түскен тағы үш жүзден астам адамға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Наурызбай Қажы Тағанұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы:

- «Жусан» операциясымен бірнеше жерлесіміз кезінде адасып, сол елге шығып кеткен. Біздің елімізге оралды. Мен өзімде онлайн, офлайн форматта олармен кездестім. Қазір олардың 90 проценттен астамы қателігін мойындап, дәстүрлі Исламға өтіп. Біраз әйелдер жұмысқа тұрып, өмірін жалғастырып жатыр.

Сондай-ақ...