Қазақстаннан Вьетнамға рейстер ашылады

2021 жылғы 30 желтоқсаннан бастап «SCAT» әуе компаниясы аптасына бір рет, бейсенбі күндері Б–757 әуе кемесімен Алматы-Фукуок бағытындағы рейстерді қайта бастауды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР ИИДМ хабарлады.

Әуе қатынасын қалпына келтіруге Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 14 желтоқсандағы шешіміне сәйкес рұқсат етілді.

Рейстер санын арттыру мәселесі эпидемиологиялық жағдайға және ведомствоаралық комиссияның тиісті шешімдеріне байланысты қабылданады.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Сондай-ақ...