Алматының санитариялық дәрігерлері Жаңа жылды үйде қарсы алуды ескертті

Жаңа жыл алдындағы мерекелер мен іс-шаралар басталды. Жаңа жыл мерекесінде достармен және туыстармен кездесу-біздің өміріміздің маңызды бөлігі. Өкінішке орай, COVID-19 пандемиясы қауіпсіз қарым-қатынас мүмкіндіктерін айтарлықтай шектеді.

Айта кету керек, әлемдегі эпидемиологиялық жағдай нашарлауда, алыс және жақын шет елдерде қатаң карантин режимі енгізілуде. «О – омикрон» штаммы әлемнің  70- те настам елінде тіркелген және ДДСҰ мәліметтері бойынша, жастар (екпеден бас тартуға байланысты), сондай-ақ балалар жиі жұқтырады.

Пандемия кезінде COVID-19 жұқтырудың «нөлдік» қаупімен бірде-бір кездесу өткізу мүмкін емес. Бұл жағдай елге әкелінген жағдайда инфекцияның таралуына жол бермеу үшін шұғыл алдын алу шараларын қабылдауды талап етеді. Оның ішінде вакцинациялау, белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін қайта вакцинациялау және алдағы жаңа жылдық мерекелерде бұқаралық іс – шараларды өткізуді шектеу.

Коронавирусты таратпау мақсатында Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті жаңа жылдық мерекелерді отбасы ортасында қарсы алуды ұсынады. Отбасылық мереке кезінде көп қонақтарды шақырмауға, шараны уақыт бойынша шектеуге тырысыңыздар. Бұдан басқа, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 20 қазандағы № 47 қаулысына сәйкес салтанатты, естелік, отбасылық іс – шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) «ASHYQ» жобасына қатысушы объектілерде 50% - дан аспайтын, бірақ 100-ден аспайтын адам толтырылған кезде және қатысушыларда «жасыл» мәртебе болған кезде өткізуге жол берілетіні туралы шектеулерді сақтау қажет.

Еске сала кетейік, мереке алдындағы және мереке күндері мониторингтік топтар шектеу іс-шараларын сақтау бойынша күндізгі және түнгі рейдтер жүргізеді.

Өз кезегінде, Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті қала тұрғындарын эпидемияға қарсы іс-шараларды қатаң сақтауға шақырады: маска режимін және әлеуметтік ара-қашықтықты сақтау, азаматтық жауапкершілікті көрсетіп және вакцинация туралы мәселені кейінге қалдырмау. Вакциналар қазіргі заманғы медицинаның маңызды жетістіктерінің бірі болып табылады!