Алматы облысында атом электр станциясы салынуы мүмкін  

Алматы облысында атом электр станциясы салынуы мүмкін. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы осылай деді.

Алмасадам Сатқалиев энергетикалық нысан Балқаш көлі маңындағы Үлкен ауылында салынуы мүмкін дейді. Осы жер атом электр станциясын тұрғызуға қолайлы болғанға ұқсайды. Біздің ел қазір 6 бірдей мемлекеттің тәжірибесін зерттеп жатыр. Олар: АҚШ, Ресей, Қытай, Франция, Жапония және Оңтүстік Корея. Қор басшысының айтуынша, кейбір компаниялар осы күні ұсыныс жасап үлгерген.

Алмасадам Сатқалиев – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы:

– Бірінші кезеңде базалық қуат көзін Алматы облысындағы Үлкен ауылында орналастыруға болады. Оның қуаты - 2400 мегаВатқа дейін жетеді. Кейін елдің шығысында, батысында және Орталық Қазақстанда осындай базалық қуат көздерін салуға болады. Олар елді бірнеше жылға энергриямен қамтамасыз ете алады.     

Осы ретте әл-ауқат қорының өкілдері «базалық қуат көзі – тек атом электр станциясы ғана емес, ол көмір, мазут немесе газ арқылы қуат өндіретін станция болуы да мүмкін» екенін айтты. Олар нақты қандай реактормен жұмыс істейтініміз келесі жылы сәуірде белгілі болады дейді.