434,34 496,10 5,64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

«Самұрық-Қазына» қорының табысы молайды

  • 69
  • UPD: 20:21, 22.12.2021
«Самұрық-Қазына» қорының табысы молайды

Үкімет отырысынан кейін Самұрық қазына қорының басшысы Президентке есеп берді.

Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, биыл қордың табысы – 10 жарым триллион теңге. Бұл жоспарлы көрсеткіштен 22 процентке жоғары. Қор табысының өсуіне мұнай бағасының көтерілуі, жүк тасымалы мен транзит көлемінің ұлғаюы, электр қуатын өндіру және тарату көрсеткіштерінің артуы әсер еткен.

Бұдан бөлек, компания басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды қаржыландыруға қатысты тапсырмалардың орындалуы жөнінде мәлімет берді. Атап айтқанда, газбен және сумен қамту, көлік және энергетика салаларындағы 11 жобаның іске асырылу барысы туралы баяндалды.

Хабар 24 телеарнасы