Елдегі түрмелердің 80% тозған: бір камерада 50 адам отырады

Елдегі түрмелердің 80 проценті тозған. Бұл туралы бүгін қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Хабар 24.

Жанат Ешмағамбетовтың айтуынша, қазір бір үлкен камерада 50-ге жуық адам отыратын дерек аз емес. Түзеу мекемелерінің басым бөлігі өткен ғасырдың ортасында салынғандықтан, оларды жаңарту бойынша жұмыс басталып кетті. Алдағы уақытта жеке инвесторлар есебінен жаңа абақтылар салу көзделген. Қылмыскерлер қамалған ғимараттарда бейнекамералардың тапшылығы да байқалады. Салдарынан мұнда болып жатқан барлық оқыс-оқиғаны тіркеу мүмкін болмай тұр. 

Мейрам Аюбаев, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары:

– Ішкі істер ғимараттарында жаппай бейнекамералар қойылып жатыр. Оған үкімет қаражат бөлді. Біздің жоспарымыз бойынша 2022-23 жылдары түзеу мекемелері түгелдей камералармен жабдықталады. Камералардың көбі ескірген. Дұрыс көрсетілмейді. Барлық жерде қою керек. Мертвая зона дейді ғой. Сарапшылармен зерттеп, қанша камера керек екенін санаймыз.

330 АДАМҒА ЭЛЕКТРОНДЫ БРАСЛЕТ ТАҒЫЛАДЫ

Сондай-ақ қаңтар айынан бастап пробациялық бақылаудағы және жыныстық сипаттағы қылмыс жасаған 330 адамға электронды білезік тағылады. Жауапты ведомство әзірге бұл құрылғыларды жалға алмақ. Соның арқасында әр адамның қозғалыс бағытын біліп, заңды бұзған-бұзбағанын анықтауға мүмкіндік бар.

 

 

 

 

Сондай-ақ...