Алматы облысында қар құрсауында қалған адам құтқарылды

Алматы облысында қар құрсауында қалған бір адам құтқарылды, деп хабарлайды Хабар 24.

Мамандар таңғы уақытта «Үшарал-Достық» жас жолының 92-шақырымда жеңіл көліктің қалың қардың арасында қалғаны туралы хабар келгенін айтады. Олар дереу көмек көрсетуге кеткен. Абырой болғанда, әлгі адамды үсік шалмапты. Дәрігерлердің көмегі қажет болмады.

Осы ретте өңір құтқарушылары күн райының қолайсыздығына байланысты «Үшарал-Достық» тас жолының уақытша жабылғанын хабарлап отыр. Сондай-ақ жүргізушілердің бағытын алдын-ала жоспарлап алғаны дұрыс екенін ескертті.