Алексей Цой: Qazvac ДДСҰ тіркеуінің алғашқы кезеңінен өтіп жатыр

Қазақстандық QazVac вакцинасы дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеуінің әлі алғашқы кезеңінде ғана. Бұл туралы арнамызға арнайы сұхбат берген бұрынғы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұрынғы шенеуніктің сөзінше, препаратты халықаралы ұйымда тіркеу ұзақ уақытты талап етеді.  Қазақстан үшін бұл тың тәжірибе. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жергілікті өкілдері тиісті консультациялық қолдау көрсетіп жатыр. Десе де Алексей Цой отандық вакцинаның ақыры қай уақытта тіркеуденін өтетіні жайлы болжап та айта алмады.

Алексей Цой, бұрынғы денсаулық сақтау министрі:

– Әзір мерзімі бойынша бірнәрсе деу қиын. Жалпы 4 кезең бар. Біз – біріншісіндеміз. Бірнеше мәрте бару керек, сосын сарапшылар тобы бәрін тексереді. Әрине, зауыттың құрылысы,  қажеттісін бәрін салу мәселесі тағы бар. Қазақстан бұрың-соңды вакцина өндірісін қолға алмаған еді. Оның салынғаны жаңа ғана, дереу халықаралық стандарт бойынша аккредитациядан өткізуге кірістік. Әрбір процесс уақытты қажет етеді. Бәрі бір уақытта жүргізілмейді, бұл өте күрделі жұмыс. 

 

Сондай-ақ...