А.Цой: Министрліктен кету туралы шешімді 8 ай бұрын қабылдадым

Алексей Цой қызметінен кету туралы шешіміне қатысты сөз қозғады, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұрынғы министр мемлекеттік қызметтен кетуді осыдан 8 ай бұрын шешкен. Айтуынша, өзі басқарған кезде ведомство бәріне мейлінше ашық болған.

Алексей Цой, бұрынғы денсаулық сақтау министрі:

– Біздің министрлік сияқты өзге ведомстволар журналистермен осыншалықты жиі кездеспеген болар. Тек орталық коммуникациялар орталығының өзінде 27 рет брифинге шықтым. Оның бәрі уақыт алатынын түсіну керек. Бір брифингтің өзіне кейді 3-4 сағат кетеді.  Оған қоса дайынлық уақыты бар. Пандемия кезінде шешілуі тиіс көптеген мәселе тағы бар. Жаңа вакциналарды жеткізуге қатысты бұйрықты күтеміз. Мұның бәрін ешкім есептемейді.