Үй жануарларына арналған тағамға есірткі жасырғандар ұсталды

Есірткі тасымалының жолы кесілді. Зиянды зат тұтыну тауарлары ретінде жасырылып, көрші елдерден Нұр-Сұлтан мен Алматыға жеткізілген.

Бір партиясы үй жануарларына арналған тағам ішіне салынған. Қаржы мониторингі агенттігі мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері 5 адамды ұстады. Олардан 7 келіден астам мефедрон мен марихуана және таразылар тәркіленді. Есірткі саябақ, мектеп, аурухана мен мектепке дейінгі мекемелердің аумағына жасырылған. Заңсыз сауда Telegram арнасы арқылы жүргізілген. Ал есірткіні негізінен кәмелет жасына толмағандар сатып алған.