БҚО-да су бағасы қымбаттады

Батыс Қазақстан облысының 150 ауылында ауыз су бағасы үш есеге дейін қымбаттады.

Жаңа тариф облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында бекітілді. Бұл тіршілік нәрін орталықтандырылған және жергілікті су көздерінен алатын 22 ауылға қатысты. Судың әр текше метрі үшін орташа тариф 318 теңге болып белгіленді. Бірақ есептегіш құралы бар тұрғындар үшін баға небәрі 30 теңге болады. Ал мұндай құралы жоқтар 40 теңге төлейді. Жаңа жылдан бастап ауыл тұрғындары үшін оның бағасы 90, ал есептеу құралы жоқтар үшін 200 теңгеге жетпек. Кәсіпорындар мен халыққа ұсынылған тариф арасындағы айырмашылық өңір және республика бюджеті есебінен субсидияланады.

Мұрат Мұқаев, облыстық мәслихат жанындағы бюджеттік комиссияның төрағасы:

- Әсіресе жазғы айларда бізде көптеген шалғай ауылдарда ауыз су тапшы. Неге десеңіз, бақша суарады таза ауыз сумен, өлшемсіз мал суарады. Нәтижесінде кейбір азаматтар сусыз отырады. Біздің есебіміз бойынша келесі жылы 1 миллиард 216 миллион теңге облыстық бюджеттен тікелей субсидиялайтын боламыз су жеткізетін кәсіпорындарды. Сондықтан олар 3 есе арзан береді суды.

Сондай-ақ...