434,34 496,10 5,64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Нұр-Сұлтанда халықтың түрлі бағдарламамен жұмысқа тұруына жағдай жасалып келеді

  • 111
  • UPD: 21:17, 23.12.2021

Биыл елордада жұмыссыз жүрген тұрғындарға түрлі бағдарламалар арқылы қолдау көрсетілді. Соның арқасында 7 мыңнан астам адам тұрақты жұмыс орнына орналасты. Бұдан бөлек дипломсыз жастарды техникалық мамандықтар бойынша оқытып, сертификат беру жағы да қарастырылған.

Елорда көркейіп, кеңейген сайын мұнда қоныстануға ниеттілер де көбейгені рас. Бас қалада нәпақа тауып, тұрақтап қалғысы келетіндер бар. Екі қолға бір күрек іздеген азаматтарды түрлі бағдарламалар арқылы жұмысқа орналасуға әкімдік жағдай жасап келеді.

Азамат Байтасов, жұмыспен қамту орталығының директоры:

- Жұмыспен қамту орталығына 22 мыңнан астам адам тұрақты жұмыс іздеуге жүгінді. Бұл азаматтарымыздың 60 проценті жұмысқа орналасты. Атап айтар болсақ, 7 мыңнан астам адам тұрақты жұмысқа орналасты. Және қалғандары мемлекеттік қолдау шараларына жүгінді. Айта кетер болсақ, олар жастар тәжірибесі, әлеуметтік жұмыс орындары және кәсіптік оқыту және тағы басқа мемлекеттік бағдарламалар.

Жастар тәжірибесімен 900-ден астам жас түлек жұмысқа орналасқан. Бұл оқуын аяқтап, қолға диплом алған жандарды қолдау мақсатында ашылған бағдарлама. Яғни арнайы жолдама арқылы жұмысқа тұрып, тәжірибе жинауға мүмкіндік бар.

Азамат Байтасов, жұмыспен қамту орталығының директоры:

- Жұмыспен қамту орталығына егерде мамандығы жоқ азаматымыз келетін болса бұларды қысқа мерзімді кәсіп оқытуға жолдайды. Бұл азаматқа мүмкіндік беріледі үш айдың ішінде өзіне ұнайтын мамандықты оқып шығып, бұл мамандық бойынша куәлік алып сол мамандық бойынша жұмыс істеуге. Ол жұмыс берушілерде сұранысқа ие мамандықтарға оқытамыз. Олар шаштараз, аспазшы, тігінші,сантехник, слесарь деген жұмысшы мамандықтар.

Берілген мүмкіндікті қармап қалғысы келетін жастар жетерлік дейді орталықтағы мамандар. Оларды дер кезінде ақпараттандыруға тырысамыз деп отыр. Басқа да мәліметтер мекемнің сайтында жазылған.

Гүлзия Нақыпқызы, Артур Горшняков

Хабар 24 телеарнасы