435,20 494,00 5,55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Өскеменде 2 шақырым жерге мерекелік шамдар ілінді

  • 96
  • UPD: 23:46, 23.12.2021
Өскеменде 2 шақырым жерге мерекелік шамдар ілінді

Жаңа жыл мерекесіне орай Өскеменде 2 шақырым жерге мерекелік шамдар ілінді.

Қазір облыс орталығы безендіріліп жатыр. Орталық алаңға қойылған үлкен шыршаға бірнеше мың шам ілінді. Былтыр қала әкімдігі орталыққа жасанды шырша орнатқан. Биыл сол қайта қойылды. Ал саябақтар түрлі-түсті шамдармен безендірілді. Жаңа жыл мерекесінде қала тұрғындары отбасымен барып көңіл көтеру үшін бірнеше жерде сырғанақтар жасалды.

Хабар 24 телеарнасы