«BIIK QAMAL» әлеуметтік бастамаларды ақпараттық қолдау қоры құрылды

Елордада «BIIK QAMAL» әлеуметтік бастамаларды ақпараттық қолдау қоры құрылды.

Ұйым қоғамдағы өзекті проблемаларды көрсететін қысқа метражды фильмдерін де көрермен назарына ұсынды. Әрбірінде заңға қайшы әрекеттер, халықты алдау, жемқорлық сынды қылмыстардың салдары баяндалады. Жалпы кинотуындылардың негізіне Ахмет Байтұрсыновтың «Маса» жинағы түрткі болған. Шараға балалар омбудсмені Аружан Саин да қатысты. Ол қор өкілдерімен әріптестік туралы меморандумға қол қойды.