Көктайғақ, тұман: жұма күнгі ауа райы болжамы

Табиғаттың тосын мінезі өз елімізде де байқалады. Қысы қатты Арқада желтоқсан айы жылымық тартып тұр. Елордада күн май тоңғысыз. Таң алакеуімде ауа температурасы 9-10 градус шамасында болғанмен, қар қатып жатқан жоқ.

Бүгін жалпы ел бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады. Қазгидрометтің хабарлауынша, республиканың оңтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады. Ал батыста жауын-шашын болмайды. Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда жаяу бұрқасын соғады. Ақмола, Солтүстік, Шығыс және  Павлодар, Қарағанды облыстарында желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін. Ал Жамбыл, Түркістан және Атырау облысында тұман түседі.

Сондай-ақ...