«Жұмыспен қамту жол картасы» аясында он мың адам жұмысқа орналасты

Ғылыми техникалық прогресс адамзаттың қолын ұзартқанмен, жұмыссыздықты көбейтуі мүмкін. Қазір әлем осыған алаңдаулы. Қазірдің өзінде жұмыссыздық өзекті проблема.

Біздің ел бұл үшін арнайы бағдарламалар әзірлеп, заңды да күшейтумен келеді. Соның арқасында өткен бір жыл ішінде мыңдаған ел азаматы екі қолға бір күрек тапты. Мәселен, жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы аясында, 10 мыңнан астам жұмыс орны құрылған. Ондағы орташа жалақы 91 мың теңгеден асады. Бұл осы жылдың бірінші желтоқсанына тиесілі ақпар. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осындай мәлімет таратты. Негізі жұмыспен қамтудың жол картасы төрт бағытты қамтиды. Олар: халықтың өмір сүру сапасын арттыру, шағын және орта бизнес үшін қаржыландырудың қолжетімділігін күшейту, агроөнеркәсіптік кешенді және өңірлерде бизнесті дамыту.

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ

Жұмыс тапты – 10 100 адам

Орташа жалақы – 91 000 тг

ЖОБА БАҒЫТЫ

- халықтың өмір сүру сапасын арттыру

- ШОБ үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру

- агроөнеркәсіптік кешенді дамыту

- өңірлерде бизнесті датыму