Алматылық 28 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған

Алматыда 28 миллион теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды.

«Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» КММ абаттандыру бөлімінің басшысы мен «Аstana-Курылыс ХХІ» ЖШС басшысына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

Мердігер «Аstana-Курылыс ХХІ» ЖШС мен Түрксіб ауданы әкімдігінің абаттандыру бөлімі арасында 71 млн теңгеден астам сомаға «Бас Қарасу» өзенінің арнасын қайта жаңартуға шарт жасалғаны анықталды», – делінген ҚМА баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Алайда ЖШС басшысы 2019 жылдың тамызынан қыркүйекке дейін аудан әкімдігінің лауазымды тұлғасының көмегі арқасында орындалған жұмыстар актілеріне көрінеу жалған мәліметтер енгізу арқылы жалпы сомасы 28 млн.теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру әрекеттері жасалды.

Бөлім басшысы К.Воропаев пен «Аstana-Курылыс ХХІ» ЖШС басшысы Е. Исаев 7 және 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды.