loader

Атырау колониясына дрон арқылы телефон өткізбек болды

Атырау колониясына дрон арқылы телефон өткізбек болды

Атырау колониясына дрон арқылы телефон өткізбек болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

22 желтоқсан сағат шамамен 19:00-де Атырау облысы бойынша ҚАЖД УГ-157/11 мекемесінде (ерлер колониясы) қызметкерлер аспанда белгісіз құрылғының ұшып жүргенін байқаған. Ұшып жүрген аппараттың қол жетімсіздігіне қарамастан, қызметкерлер оны таспен атып, қанатына тигізіп, құлатқан.

Тексеру барысында құрылғы дрон болып шықты. Кейін құлаған дроннан бір дана лентаға оралған байлам тәркіленді, оның ішінде бір ұялы телефон және екі USB сымы анықталды.

Аталған факті бойынша жиналған материалдар қосымша тергеу жүргізу үшін тергеу ісі бойынша органдарына жіберілді.

Сондай-ақ...