БҚО-да омикрон штамы анықталды – фейк

Оралда науқастың короновирусқа тапсырған сынамасынан «омикрон» штамы табылды деген ақпарат жалған. Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жалған мәлімет бүгін таңертең бірқатар БАҚ-та жарияланған. Енді облыстық денсаулық сақтау басқармасы омикрон штамы туралы мәлімет таратқан ақпарат құралдарына бұл хабарды теріс-теуді сұрап отыр.