Қазақстанда жаңажылдық шырша бағасы қанша тұрады?

Желтоқсанның соңы қарбаласқа толы шақ.

Жаңа жылды үйдің төріндегі қызыл-жасыл шаммен көмкерілген әсем шыршамен қарсы алу әр отбасының дәстүрі десе болады. Сұранысқа сай нарықта ұсынысты молайтуда. Бұл шақта дүкен сөрелері сан түрлі жасанды шыршаға толса, орманнан табиғи шырша тасымалдаушылардың маусымдық саудасы да қызып тұр. Қазақстанда қылқан-жапырақтыны кесуге заңмен тыйым салынған. Сондықтан шыршалар көбіне көрші Ресейдің Челябі, Қорған облыстарынан жеткізіледі. Саудагерлер желтоқсанның соңғы 5 күнінде шыршаға сұраныс тіптен артатынын айтады, соған орай биыл бағасы да көтеріліпті.

Ерлан Әлімбаев, сатушы:

 – Бағалары 5 мыңнан 15 мыңға дейін. Бекітетін құралды да бізден алуыңызға болады. Металдан жасалғаны 3 мың, ағаштан жасалғаны 2 мың болады. Өткен жылға қарағанда баға өсті, бірақ өте көп емес. Ресейде де баға қымбаттады. Елге жеткізу құны, жүк тасымалы өсті.

Сондай-ақ...